Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда тағы бір жаңа комитет құрылды

  • AstanaTV
  • 14 қыркүйек 2024
  • 304

Қазақстанда Ішкі істер министрлігіне қарайтын жаңа комитет құрылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құжатқа премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған.

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті құрылсын", - делінген құжатта.

Өзгерістерге сәйкес, енді Ішкі істер министрлігіне мыналар кіреді:

Қазақстан Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы;

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті;

Әкімшілік полиция комитеті;

Көші-қон қызметі комитеті;

Есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап, яғни 2024 жылғы 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитеті құрылған болатын.

Министрлік мәліметінше, жаңа комитет ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі салаларын басқарады.

Комитеттің мақсаты:

ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі саласындағы басшылықты, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

құзыреті шегіндегі комитетке жүктелген өзге де міндеттер.