Русский Сайттың толық нұсқасы

Ғалия Тынбаева гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды

  • AstanaTV
  • 14 қыркүйек 2024
  • 154

Дзюдодан Загребтегі Гран-при турнирінде отандасымыз Ғалия Тынбаева күміс медаль иеленді, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Дзюдодан 48 келі салмақта сынға түскен отандасымыз Ғалия Тынбаева финалда жапондық Вакана Когамен кездесіп, қарсыласына есе жіберді.

Осылайша, Ғалия Тынбаева Загребтегі Гран-при турнирінің күміс жүлдесін місе тұтты.