Русский Сайттың толық нұсқасы

Атыраулық полицей ару Азия чемпионы атанды

  • AstanaTV
  • 14 қыркүйек 2024
  • 328

Тәртіп сақшысы Аида Хайруллина қоян-қолтық ұрыстан бірінші орын алды.

Атырауда полициядағы қызметімен бірге спортты қатар алып жүрген Аида Хайруллина қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Әлемдік деңгейде ұйымдастырылған бұл жарысқа 13 елден 250 спортшы қатысып, бақ сынасты.

Олардың қатарында ел намысын қорғаған полиция аға лейтенанты Аида Хайруллина әйелдер арасында 70 келі салмақ дәрежесінде суырылып алға шығып, 1 орынды қанжығасына байлады.