Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада көшеде дрифт ұйымдастырған адам қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 14 қыркүйек 2024
  • 329

Астанада дрифт ұйымдастырған адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Ә.-ге қатысты іс қаралды (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі).

Іс материалдарынан Ә., жолдың жүріс бөлігінде көлік құралын басқара отырып, жол қауіпсіздігіне байланысты қоғамдық тәртіпті бұзып, қауіпті маневрлер жасаған.

Сот отырысы барысында құқық бұзушы Ә. өз кінәсін толық мойындады.

Жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайлары бейнежазбамен, полиция инспекторының баянатымен, жауапқа тартылушының жазбаша түсіндірмелерімен расталады.

ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді.

Қоғамдық қауіптіліктің жоғары дәрежесін және жол қозғалысы қауіпсіздігіне байланысты қоғамдық тәртіпке қол сұғатын жасалған құқық бұзушылықтың сипатын ескере отырып, құқық бұзушылық жасаған адамды тәрбиелеу, сондай-ақ жаңа құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу мақсатында, Ә. сот қаулысымен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.