Павлодарда сиырды қағып кеткен ер адам алты айға көлік жүргізу құқығынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты жол жүру ережелерін бұзып, сиырларды қаққаны үшін азамат Ш.-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қарады.
Сотта азамат Ш. Омбы-Майқапшағай автожолында көлікті басқарып келе жатып, жылдамдықты сақтамай, сиырларды қаққаны анықталды. Жол-көлік оқиғасы кезінде 2 сиыр өліп, 2 сиыр жарақат алғаны анықталды.
Сот отырысында азамат Ш. ЖКО жасауда кінәсін мойындады және ЖКО-ның мән-жайларын растады.
Азамат Н., Ш., А. материалдық шығын келтірілгенін пайымдады. Сот азамат Ш.-ны әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 610-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды және оған 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енді.