Русский Сайттың толық нұсқасы

Премьер-лига: «Астана» турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта түсті

  • AstanaTV
  • 15 қыркүйек 2024
  • 207

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 20-турының алғашқы ойын күні аяқталды, деп хабарлайды KAZINFORM.

Елордалық «Астана» еурокубокқа қатысуына байланысты өзге командалардан бірнеше ойынды аз өткізген еді. Соның салдарынан турнир кестесінің ортасына дейін түсіп кетті. Биыл бас жүлдеге қол созуды қалап отырған команда әрбір ойында жеңіске жету жолын іздеп келеді. 

Бұл жолы елордалық ұжым Петропавлдың «Қызылжарын» қабылдады. Кездесу барысында елордалық клубтан Джеффри Чинеду 44, 57-минутта екі гол соқса, оған петропавлдық командадан Алексей Щебетун 45-минутта бір голмен жауап қайырды.

Осылайша «Астана» қарсыласын 2:1 есебімен тізе бүктіріп, турнир кестесіндегі жағдайын одан әрі жақсарта түсті.

Сондай-ақ тағы бір кездесуде дәл осындай есеппен түркістандық «Тұран» өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» жеңді. 

Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық «Жеңіс» Қызылорданың «Қайсарын» 1:0 есебімен басым түсті.

Ал 15 қыркүйекте «Елімай» (Семей) мен «Тобыл» (Қостанай, «Ақтөбе» мен «Жетісу» (Талдықорған), «Ордабасы» (Шымкент) мен «Атырау» жасыл алаңға шығады.