Русский Сайттың толық нұсқасы

"Етін блендерге салып, тартқан". Швейцарияда сұлу келіншек аса қатыгездікпен өлтірілді

  • AstanaTV
  • 15 қыркүйек 2024
  • 311

Швейцарияда 2007 жылғы сұлулық байқауының финалисі, 38 жастағы Кристина Йоксимович аса қатыгездікпен өлтірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кристинаның қаза тапқаны туралы биыл ақпанда белгілі болды. Ол кезде оның сүйектерінің бір парасы Базель қаласының маңынан табылған. Көп ұзамай полиция 41 жастағы Томасты осы іс бойынша басты күдікті ретінде ұстады. Бұл туралы New York Post жазады.

Кристинаның күйеуі және екі қызы бар. Психикалық ауытқулары бар әрі патологиялық тұрғыда қызғаншақ Томас ақыры жұбайын тұншықтырып өлтірген. Қылмыс ізін жасыру үшін ол денені бөлшектеп, тіпті кейбірін блендермен (ет уатқыш) айналдырған. Онда да химиялық ерітіндімен ерітіп, оны сумен шайып жіберу үшін.