Русский Сайттың толық нұсқасы

Балабақша кезегіне тіркеу мәселесі қалай шешілмек?

  • AstanaTV
  • 10 сәуір 2017
  • 5266

Бүгіннен бастап Астанадағы балабақшаларға жолдама электронды түрде беріледі. Бұл туралы қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әнуар Жанғозин мәлімдеді. Электронды тіркеу www.e.astana.kz порталы арқылы жүзеге асады. Қазір Астанада түрлі үлгідегі 261 мектепке дейінгі мекеме бар. Онда 48 мың 154 бала тәлім алады. 2017-ші жылдың бірінші қаңтарындағы мәліметке сәйкес, балабақша кезегінде 3-тен 6 жасқа дейінгі 33 мың 240 сәби тіркелген.

Электронды жүйеге көшу арқылы орындарды бөлу автоматты түрде жүргізіледі. Сондай-ақ жеделдікті арттыру мақсатында әр ата-ана интернет арқылы жеке кабинетіне кіріп, кезекті бақылай алады. Еске салайық, жуырда ғана Астана қалалық білім басқармасы өкілдері балабақшаларда 6,3 мың бос орын бар екенін хабарлаған.

Лаура Мошқалқызы, Астана Қ. ББ мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие бөлімінің бас маманы:

Бес күннің ішінде мектепке барып тіркеледі. Бес күнге тіркелгеннен кейін балабақшаның меңгерушісімен келісімшартқа отырады. Балалар мамыр айында балабақшадан мектепке шығарылғаннан кейін бірінші маусымнан бастап 2017 жылы балабақша тізіміне енгізіліп, балабақшаға қатысады.