Русский Сайттың толық нұсқасы

Роза Әлқожа шетелде күтпеген жайтқа тап болды

  • AstanaTV
  • 15 қыркүйек 2024
  • 343

Танымал әнші Роза Әлқожа шетелде саяхаттап жүргенде ақшасын ұрлатып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Өнер иесі шетелде басынан өткен оқиғасын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"Кеш жарық!

Әдемі сәттер көп болсын! Аллаға сансыз шүкір! Бәрі де ойдағыдай өтті!

Алматы-Ыстамбұл-Венеция-Котор-Миконос-Санторини-Анкона-Венеция-Милан-Венеция-Милан-Үргеніш-Ташкент-Алматы сапары түрлі қызықтарға толы болды.

Төрт апа, бір ата, бір бала, бір бойжеткенмен бірге он сағат жол жүріп жеткен Венециядағы алғашқы әсер, судағы қаланы аралау, гандоласына міну ерекше болды!

Грецияның қалаларын аралағанда да ел көрген бәрібір көкжиегіңді кеңітетінін сезінесің.

Өзге елдің тұрмыс-тіршілігі, еркіндігі өз өзіңнен зерттеу мен зерделеуге мүмкіндік береді.

Алланың қалауымен бәрі де болды.

Миконоста ақшамызды ұрлаттық.

Венециядан ұшқалы тұрғанда бір-бірімізге сеніп, паспортымыздың Миланда қалып қойғанын түсіндік.

Алған билетіміз күйіп кетті, жолаушылар кетті, біз қайта Миланға пойызбен бара жаттық.

Енді үйге аман-есен жетуге нәсіп етсін!" - деп жазған ол.