Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда өртенген пәтердің ішінен үш бала құтқарылды

  • AstanaTV
  • 15 қыркүйек 2024
  • 242

Бүгін Қостанай қаласындағы Д.Карбышев көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 2-қабаттағы пәтер мен балкон өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап,

Өрт салдарынан жоғары қабаттардағы үшінші және төртінші қабаттардың балкондары да отқа оранды.

«ТЖД күшімен түтінге толған ғимараттан баспалдақ арқылы 8 адам, соның ішінде 3 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін өрт-техникалық сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада.