Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда барлық банк үшін бірыңғай QR-код қашан іске қосылатыны белгілі болды

  • AstanaTV
  • 16 қыркүйек 2024
  • 522

Ұлттық төлем корпорациясының басшысы Бинұр Жәленов Қазақстанның барлық банктері үшін бірыңғай QR-код жүйесі 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында енгізілетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2024 жылдың соңына қарай QR-код пилоттық режимде жұмыс істей бастайды.

"Биыл біз телефон нөмірі бойынша банкаралық аударымдарды, ал келесі жылдың бірінші жартысында бірыңғай QR мүмкіндігін қосамыз. Қазір жұмыс қызу жүріп жатыр", – деді Жәленов.

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов жүйені 2024 жылдың соңына дейін іске қосамыз деп уәде еткенімен, уақыты ауысты. Бұл жүйе 2022 жылдан бері талқыланып келеді, бұл туралы бұрынғы сауда вице-министрі Әсел Жанасова да мәлімдеді.

Бірыңғай QR клиенттерге қай банкте қызмет көрсетілетініне қарамастан тауарлар мен қызметтерді төлеуге мүмкіндік береді. Сарапшылардың пікірінше, бұл бәсекелестіктің дамуына оң әсер етуі тиіс.