Русский Сайттың толық нұсқасы

Шанхайда 600 әуе рейсі тоқтады

  • AstanaTV
  • 16 қыркүйек 2024
  • 124

Қытайдың ең ірі мегаполисі Шанхайда дүлей дауылдың жақындауына байланысты дабыл қағылды,-деп хабарлайды 24.kz.  

Осыған байланысты билік алдын ала шаралар қабылдап, қаладан 370 мыңнан астам адамды қауіпсіз жерге көшірді. Сондай-ақ екі әуежайда 600 әуе рейсі тоқтатылды. Метеорологтар ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіптің ең жоғары қызыл деңгейін жариялады. Сондай-ақ тұрғындарға үйде болуға, сақтық шараларын қабылдауға шақырды.