Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысының тұрғыны отқа оранған көліктен 5 адамды алып шықты

  • AstanaTV
  • 16 қыркүйек 2024
  • 326

Жамбыл облысының тұрғыны өртеніп жатқан көліктен 5 адамды алып шықты, деп хабарлайды Astana TV.

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында екі көлік соқтығысып, жол апаты болды. Отқа оранып жатқан жеңіл көлікті көрген Мәди Әли жол жиегіне тоқтап, көмекке ұмтылған. Жанып жатқан көліктің жарылу қаупі болса да ол көзсіз ерлік көрсетіп, 5 адамды алып шықты. Артынша санаулы сәттен кейін қызыл жалын шарпыған көлік жарылып, күлі көкке ұшты.


Өкінішке қарай, сол машинада болған 2 баланың анасы көз жұмды. Ал марқұмның екі бүлдіршіні аман қалған. Бірі 1,5 жаста. Екіншісі - өмірге келгеніне 10 күннен енді асқан сәби. Қазір ауруханада. Қалған жолаушылар аман.