Тараз тұрғыны анасын пышақтап өлтірді. Қанды қылмыс қала орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. 36 жастағы ер адам ішімдікке тойып алып анасымен жанжалдасқан. Ұрыс-керіс кезінде ол ас үйден пышақ алып, әйелдің кеуде тұсына сұққан. Жарақат алған жәбірленуші жедел жәрдем қызметі келгенше жан тапсырыпты. Күдікті қамауға алынды.
ГҮЛСАРА МҰХТАРҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдікті - жәбірленушінің 36 жастағы ұлын анықтап, ұстады. Ер адам кінәсін мойындап, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу жүргізілуде.