Русский Сайттың толық нұсқасы

Үкімет басшысы Халықаралық валюта қоры басқарушы директорының орынбасары Бо Лимен кездесті

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Халықаралық валюта қоры басқарушы директорының орынбасары Бо Лимен кездесті. Басқосуда қаржы-экономикалық саладағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Еліміз 1992 жылдан бері Халықаралық валюта қорының мүшесі. Қормен ұзақмерзімді серіктестік еліміздің экономикалық тұрақтылығын және ұлттық экономиканың сапалы тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін маңызды. Жиында тараптар тығыз қарым-қатынасты одан әрі нығайтып, ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екенін атап өтті. Бірлескен жұмыстар өз жалғасын таба бермек.