Кәсіпкерлерге айыппұл салынады. Табысын жасырып, декларация тапсырмағандар 55 мың теңге төлейді. Бүгін табыс туралы декларацияны тапсыратын соңғы күн болатын. Үлгірмегендердің саны 300 мыңға жуықтайды. Маңдай терімен тапқандарын жариялауға не құлық танытпады? Айдана Қайрат сұрады.
Биыл жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі өтіп жатыр. Бұл жолы алғаш рет 4 миллионға жуық кәсіпкер мен заңды тұлға басшылары, құрылтайшылары және жұбайлары тапсыруы тиіс. Мадрияр Асқаров үшін тосын жаңалық болған жоқ. Ол кәсіп бастағалы табысын жасырған емес.
МАДИЯР АСҚАРОВ, КӘСІПКЕР:
Жыл сайын мен бұл мәселені бухгалтеріме шегелеп тапсырамын. Бүгінде сағат 11-лер шамасында тапсырдық . Декларацияны тапсыруды міндетті деп санаймын. Бұл кәсіпкердің өзі үшін жақсы. Себебі алдағы уақытта ыңғайсыз жағдайға қалулары әбден мүмкін.
Мадияр сияқты бәрі міндетін орындамаған. 300 мыңға жуық адам табысы туралы ақпарат бермеген.
ЕРСАЙЫН КӨПТІЛЕУҰЛЫ, ҚР ҚМ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ:
Егер сіз декларацияны тапсырған жоқсыз демек салық органдары сіздерде аталған активтер жоқ деп саналады. ҚР Аумағында тіркелгендерді есептемегенде жоқ деп саналады. Кейінгі уақытта сіз үлкен бір сатып алу жасасаңыз үлкен көлемдегі сұрақ туындайды. Сізде мұндай қомақты суммадағы ақша қайдан пайда болды. Сол кезде бұл менде сатып алам дегенге дейін менде 10 айлық көрсеткіш көлеміне дейін ақша қаражаттары болды деген сияқты ақпарат бересіз. Алайда сізде бастапқы декларация жоқ. Сондықтанда ол уже есепке алынбайды.
Бірінші рет ескерту, ал екінші рет салық салушылар ұсынбағаны үшін 15 АЕК, бұдан басқа, салық салу объектілерін жасыру кезінде төленбеген салықтар сомасының екі жүз пайызы мөлшерінде және егер мұндай құқық бұзушылық қайталанса, үш жүз пайыз мөлшерінде айыппұл салу көзделген.