Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада "Спортты дамыту дирекциясының" бұрынғы басшысы сотталды

  • AstanaTV
  • 16 қыркүйек 2024
  • 337

Астанада "Спортты дамыту дирекциясының" бұрынғы басшысы сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты заңсыз материалдық пайда алу үшін лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталған "Спортты дамыту дирекциясының" бұрынғы басшысы Е-ге қатысты үкім шығарды. 

“Сотталушы Е, "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК басшысы бола отырып, 2019 жылдың қараша-желтоқсан айлары аралығында өзінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша А-ны аға жаттықтырушы лауазымына заңсыз тағайындап, 19-қысқы Сурдлимпиада ойындарына қатысу үшін оны Вальтеллина (Италия) аймағына іссапарға жіберіп және жалпы сомасы 113 млн теңгеден астам жалақы, іссапар шығындары мен материалдық пайданы заңсыз алуға ықпал еткен”, – делінген сот хабарламасында. 

Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, аудит қорытындыларымен, ақша қаражатын алу туралы банк деректерімен дәлелденген.

Сот айыпталушының жас балалардың болуын, келтірілген материалдық залалды толық көлемде ерікті түрде өтеуін жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды.

“Сот үкімімен Е кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды”, – делінген сот үкімінде. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.