Русский Сайттың толық нұсқасы

Ертең Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев Астанаға келеді

  • AstanaTV
  • 16 қыркүйек 2024
  • 201

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 17 қыркүйекте өтетін «Орталық Азия + Германия» саммитіне қатысу үшін Астанаға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Саммитте Орталық Азия елдерінің Германиямен ынтымақтастығын дамыту және тереңдету мәселелері қаралмақ.

«Саммитте сауда-экономикалық, инвестиция, технология, көлік-коммуникациялық және басқа да басым бағыттардағы өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, жетекші неміс компаниялары және банктерінің басшыларымен бірлескен кездесу өткізу жоспарланып отыр», - делінген Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.