Русский Сайттың толық нұсқасы

Әкесінің көлігін ұрлаған: Жамбыл облысында 4 бала жантүршігерлік апатқа түсті

  • AstanaTV
  • 17 қыркүйек 2024
  • 287

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған жеткіншек тізгіндеген көлік апатқа ұшырап, төрт бала ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бозбалалардың бірі әкесіне тиесілі "Тойота" көлігін рұқсатсыз мініп кеткен. "Тараз–Жаңатас" бағытында асқан жылдамдықпен жүйткіген көлік жол жиегіне шығып кетіп аударылған.

Таңғы төрт шамасында болған апаттан төрт жасөспірім жарақат алып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Кейін ота жасау үшін шұғыл түрде 16 және 18 жастағы науқастар облыстық ауруханаға ауыстырылған.

Енді көлік жүргізу куәлігі болмаған баланың ата-анасына қатысты әкімшілік іс қозғалмақ. Ал дәрігерлер балалардың жағдайы ауыр екенін айтып отыр.

"2007, 2008 жылғы балалар. Басы жараланған. Жағдайы ауыр. Кома, екінші дәрежеде. Қазір біздің аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты, бақылауда", - дейді Сарысу аудандық ауруханасының бас дәрігері Айнұр Кәлікова.