Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан президенттері Астанаға келе жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шавкат Мирзиеев, Садыр Жапаров, Эмомали Рахмон "Орталық Азия+ Германия" форматындағы саммитке қатысады. Оның аясында стратегиялық ынтымақтастық пен серіктестік мәселелерін талқылау жоспарланып отыр. Соның ішінде сауда-экономикалық өзара іс-қимыл және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру да бар.
Орталық Азия елдері делегацияларының басшылары сапар барысында Германияның бизнес-қоғамдастығымен де кездесуге қатысады. Айта кетейік, Астанадағы "Мәңгілік ел" маңында Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанның тулары ілінген.
Еске салайық, 16 қыркүйекте Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц Астанаға келген болатын.
"Ақорда" резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольцті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.