Русский Сайттың толық нұсқасы

Бокстан Қазақстан құрамасына жаңа капитан сайланды

  • AstanaTV
  • 17 қыркүйек 2024
  • 120

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны ауысты. Командада бұл қызметті енді Айбек Оралбай атқарады, – деп хабарлайды ҚР ҰОК сайты. 

Айбек Оралбай 2022 жылғы Азия чемпионы әрі жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы (2018). Жазда өткен Париж Олимпиадасында бақ сынады. Ол 92 келі салмақта сынға түсіп, ширек финалда әзербайжандық Лорено Альфонсо Домингеске жол берген болатын. 

Кеше белгілі болғандай, Айбек Оралбай +92 келі салмаққа ауысты. Алдағы Азия чемпионатына боксшы аса ауыр салмақта қатысуы мүмкін. 

Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметті 2023 жылғы әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов атқарған болатын.