Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Германияға 100 түрлі тауар экспорттауға дайын – Тоқаев

  • AstanaTV
  • 17 қыркүйек 2024
  • 439

Қазақстан Германияға жалпы сомасы 850 млн доллар болатын 100 түрлі тауар экспорттауға дайын. Бұл туралы бүгін Астанада өткен Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Германия канцлерінің кездесуінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда жазғандай, саммитті ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысқаны және өңірлік кооперацияға қолдау көрсеткені үшін Федералдық канцлер Олаф Шольц пен Орталық Азия мемлекеттерінің басшыларына ризашылығын білдірді. Президент былтыр қыркүйекте Берлинде басталған жоғары деңгейдегі диалог тұрақты және сенімді сипатқа ие болғанын атап өтті.

Президент ортақ мүдделерге ден қоя отырып, бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарына тоқталды.

«Бірінші – тауар айналымын ұлғайту. Бірлескен өңірлік жобаларды тиімді іске асыру есебінен сауда көрсеткішін арттыру, тауарлар номенклатурасын кеңейту – маңызды міндет. Мәселен, Қазақстан Германияға сомасы 850 миллион долларды құрайтын тауардың 100 түрі бойынша экспорт көлемін ұлғайтуға дайын», - деді Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 17 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары мен Германия канцлерінің екінші кездесуін өткізді.