Жамбылда жантүршігерлік жол апатынан 7 адам тірідей жанып кетті. Арасында екі жасар бала бар. "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автожолында "Cadillac Escalade" автокөлігіның жүргізуші алдындағы көліктен басып озамын деп қарсы бағытқа шығып кеткен. Сол кезде қарама-қарсы келе жатқан жүк көлігі жақындап қалса керек, жеңіл көлік өз жолына түсемін деп Газельмен соқтығысқан. Екі көлік түгелімен өртеніп кеткен.
ГҮЛСАРА МҰХТАРҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Оқиға орнында 37 жастағы "Газель" автокөлігінің жүргізушісі, 30 жастағы "Cadillac Escalade" көлігінің жүргізушісі мен оның 5 жолаушысы қаза тапты. Оның ішінде 2 жасар бала да бар. Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.