Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе су қоймасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Ақтөбе су қоймасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондықтан ондағы судың көлемі 250 миллион текшеметрден 55 млн текше метрге дейін азайтылмақ. Әуелі су қоймасындағы судың азайып бара жатқанын байқаған тұрғындар дабыл қағып, алаңдаушылық білдірді. Бірақ, жауаптылардың айтуынша, мұнда 36 жылдан бері жүргізілмеген күрделі жөндеу жұмыстары басталған. Биыл тасқын кезінде қоймасындағы судың көлемі 540 миллион текшеметрге дейін жеткен. Сондықтан жауаптылар келесі көктемге дайындықты бастап жатыр. Стратегиялық нысанның барлық-жабдығы мен бөгеті жаңартылады. 

ЕЛІБАЙ ІЗМАХАНОВ, «АҚТӨБЕ» СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Күрделі жөндеу жұмыстары мен қатар нысанда күзет жүйесі күшейтіліп, бейнебақылау, жарықтандыру жүйесі жаңартылады. Қосымша блок посттар мен күзет қойылады. Сонымен қатар барлық құрал жабдық жаңартылатын болады.