Русский Сайттың толық нұсқасы

АЭС-ті қолдау жөніндегі Халықтық штаб түсіндірме жұмыстарын жалғастыруда

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб түсіндірме жұмыстарын жалғастыруда. Белсенділер көшелердегі ақпараттық стендтерге түсіндірме қағаздарын іліп, тұрғындарға алдағы референдум науқанында белсенділік танытуға шақырды. 

Түсіндірме материалдарын тарату шарасы еліміздің барлық аймақтарында, аудандар мен ауылдық жерлерде жүргізіледі. Халықтық штаб белсенділері жергілікті тұрғындардың сан түрлі сауалына жауап беріп жатыр. Бұдан өзге «Есіктен есікке» сияқты түрлі акциялар мен бейресми кездесулер де ұйымдастырылуда.

АҚЕРКЕ ЕСКЕНДІРОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Материалдарын тарату, үлестіру бойынша жұмысты жүргіземіз. Негізгі біздің ақпарат жазылған, сол бойынша белсенділер тұрғындарға түсіндірме жүргізетін болады. Міндетті түрде бұл материалдар қазақ және орыс тілінде үлестіріледі. Халықтық штабқа еліміздегі партиялар, түрлі ұйымдар кірді. Сонымен қатар осы ұйымдардың жастары да бірлесіп жұмыс жасап жатыр.

Ал Алматыда республикалық референдум қарсаңындағы түсіндірме қағаздар 500-ден аса стэндке орнатылады.

ӘКЕЖАН КЕҢЕСОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Материалдарды қаламыздағы осындай ақпараттық стэндтерге жабыстырып, жалпы түсіндірме жұмыстарын халыққа тарату мақсатында, түсіндіру мақсатында жалпы ақпараттандыру жұмыстарын бастап кетті. Негізгі мақсаты барлығымыз білеміз ғой 6 қазанда референдум болады.

Шымкентте дәл осындай жұмыстар кеше басталған. Оған жалпы саны 200 адам жұмылдырылды.

МҰРАТ ЖОЛДЫҚОЖАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Біз 150 мыңнан астам плакаттарды іліп, халыққа таратып жатырмыз. Шымкент қаласы тығыз орналасқандықтан, үй-үйге кіріп, материалдарын елдерге, халыққа таныстырып, қарқынды жүріп жатыр. Материалдарын магазиндерге, жеке кәсіпкерлердің есіктеренің алдарына іліп жатырмыз.

Еске салайық, атом электр станциясын салу бойынша республикалық референдум 6 қазанға жоспарланған. Түсіндірме жұмыстары 5-қазан Тыныштық күніне дейін жалғасады.