Елдегі жылу орталықтарыңның 65, жылу желілерінің 55 пайызы ескірген. Қазір жұмыс істеп тұрған 37 жылу орталықтарының 19-ы қызыл,11-і сары аймаққа кіреді. Тек 7-еуі ғана көңіл көншітерлік жағдайда. Күздің алғашқы айының өзінде күн суытты. Тіпті солтүстік өңірлерде жылу беріле бастады. Бірақ маусымға барлығы толық дайын емес. Тілшілеріміз тарқатады.
СҮНДЕТ ОРАЛБЕК, ТІЛШІ:
Бас қалада үш жылу орталығы бар. Соның біреуі жаңадан салынған. Ал қалған қос нысанның 40 пайызы тозған. Жыл сайын кемінде 20 пайызын жаңғырту межесі қойылған.
Жалпы елордада жер асты және үстіннен жүргізілген жылу құбыры 700 шақырымнан асады. Басым бөлігінің қызмет етіп тұрғанынан 30 жылдан асқан. Астаналықтарды аязда тоңдырмас үшін биыл оның 10 шақырымына жөнделген.
ЖАРАС БОЛАТБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ЖЫЛУМЕН ҚАМТУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
8,5 км ол реконструкциядан өтті. 1,2 км қайта жөндеу болды. ТЭЦ-1 мен ТЭЦ-2-де керекті жабдықтау, жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Жылытту маусымына Астана қаласы толықтай дайын. Ол 3300 тұрғын үй. 186 әлеуметтік мекемелер бар.
Шаһардағы 3357 көпқабатты тұрғын үй, 236 әлеуметтік нысан толықтай тексерілген. Мамандар 99 пайызға дайын екенін айтады. Қазір шаһардағы станциялар сағатына 3200гигаколорий жылу өндіреді.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Көңіліміз толады.
- Бәрі ойдағыдай. Мен тұратын ауданда жылу уақытылы беріледі. Қыста тереземізді ашып қоямыз.
- Менің көшіп келгеніме 1 жыл болды. Қыста үйім жылы болды.
СҮНДЕТ ОРАЛБЕК, ТІЛШІ:
Қыркүйектің қақ ортасынан енді ғана астық. Соған қарамастан Сарыарқаның желі ызғарлы. Тұрғындар тек жылуды ерте берсе деп талаптарын жеткізде. Жауаптылар келер аптаның соңына қарай қосылады деп отыр. Солтүстікте қазірдің өзінде күн суық. Өзгеріс, Керекуге жылу берілді ме?
ӨЗГЕРІС ҚУАНАР, ТІЛШІ:
Сүндет, рас айтасың, бізде күн күрт суытты. Ызғарлы үскірік жел өңменнен өтеді. Сондықтан, жылу маусымы биыл жылдағыдан бір аптаға ерте басталды. Жылуға алдымен әлеуметтік нысандар қосылды. Көпқабатты тұрғын үйлерге де біртіндеп беріліп жатыр.
Десе де, облыс орталығында 270-ке жуық көпқабатты үй жылу беру маусымына дайын емес. Тіпті, 190 үйде басқару формасы да құрылмаған. Ал Екібастұзда 70-ге жуық баспана жылу қабылдауға дайындалмапты.
ЕРЖАН ИМАНЗАЙЫПОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Ақсу қаласында 44 әлеуметтік нысанның 40-ы қосылды. 20 қыркүйекте 100 пайыз қосылады. Павлодар қаласында 272 әлеуметтік нысанның 178-і қосылды. 1300 көп қабатты үйдің 82 қосылды кеше. Екібастұз қаласында 79 әлеуметтік нысанның 36-сы қосылды. 21 қыркүйекте 100 пайыз қосылады.
Қазір өңірде 2472 көпқабатты үйдің 1893-і ғана қысқа дайын. Қалған 579 баспанада дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:
Екібастұз бен Ақсу қаласындағы нысандардың қосылу қарқынын күнделікті бақылауда ұстау керек. Жалпы бірінші қазанға дейін толықтай әлеуметтік нысандар мен көпқабатты үйлер жылытуға қосылу керек.
ӨЗГЕРІС ҚУАНАР, ТІЛШІ:
Павлодарда 200 көпқабатты үйде ыстық су жоқ. Мамандар бұған жөндеу жұмыстары себеп екенін айтады. Десе де, әкім қаралар 20 қыркүйекке дейін барлық баспана ыстық сумен қамтылады - деп сендірді.