Русский Сайттың толық нұсқасы

Н.Назарбаев: Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауы керек

  • AstanaTV
  • 12 сәуір 2017
  • 3234

Латын әліпбиіне көшудің кестесі жасалуы керек. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке осындай тапсырма берді. «Егемен Қазақстан» газетіне жарияланған "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында: «Бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық,- деп жазады Президент.

Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүруі тиіс. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға аламыз», делінген аталған мақалада.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдедім. Яғни 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауы керек. Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты.