Русский Сайттың толық нұсқасы

Жетісу облысында ауыл әкіміне қатысты шу шықты

  • AstanaTV
  • 17 қыркүйек 2024
  • 271

Жетісу облысына қарасты Ақсу округінің тұрғыны ауыл әкіміне қатысты сұмдық жайтты айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Әкімге қатысты оқиғаны баяндаған әйелдің видеосы Сандуғаш Дүйсенова жүргізетін halyk_zhurnalist.kz парақшасында жарияланды.

Ол терезеден кірген. Түнгі 2:30 шамасы. Үйде 2,5 және 5 жастағы балам болды. Керуетте жатқанда артымнан іш киімімді тартты. Басында ұйқылы жатып, түсінбей қалдым. Сосын бірден оянып кеттім. Алғашында күйеуім екен деп қалдым. Күйеуім Текеліде екенін есіме түсті. Анықтап қарасам, пысылдап біреу мас күйінде отыр. Шошып кеттім. Әкім жүгіріп шықты. Есікті ашып абдырап тұрғанымда әкімдіктің тағы бір қызметкері кіреберісімдегі дәлізде тұр екен, - дейді әйел.

Жетісу облысы полиция департаменті осы айтылған жағдайға қатысты тергеу жүргізіліп, «үйге заңсыз кіру дерегі» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Төрт баланың анасы істің бұл бап бойынша қаралғанына наразы.