Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда көпқабатты үйден өрт шығып, 220 адам эвакуацияланды

  • AstanaTV
  • 17 қыркүйек 2024
  • 192

Петропавлда Парковая көшесінің бойындағы тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шығып, өрт сөндірушілер 220 адамды, оның ішінде 21 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, сегізінші қабаттағы пәтерлердің бірінде үй заттары мен жиһаз отқа оранған.

ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 3 адамды құтқарып, 217 адамды, оның ішінде 21 баланы эвакуациялады. Өрт толығымен сөндірілді, өрттің шығу себебі анықталуда. Бір адам ауруханаға жатқызылды.