Русский Сайттың толық нұсқасы

Мөлдір Әуелбекова: “Әйел үйде демалмайды, зерігеді!“

  • AstanaTV
  • 18 қыркүйек 2024
  • 393

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова үйде отырған әйел адамдардың ішкі сырын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында осы тақырыпта жазба жариялады. 

"Әйел үйде демалмайды. Таңнан кешке дейін үйдің, бала-шағаның, ата-ененің, күйеуінің жағдайын жасайды. Ол зерігеді! Сол себепті, әйелді бір сәт сыртқа сергуге шақыру керек. Ол да ДЕМалсын…", - деп жазды Мөлдір Әуелбекова. 

Әншіні әлеуметтік желіде оқитын оқырмандарының көп бөлігі әйелдер қауымы. Олар өнер иесінің пікірін қолдап, жан сырын бөлісіп жатыр. 

"Дұрыс айтасыз, сыртқа емес, алысқа кетіп демалу керек", "Жаным, тура менің түсінгенім, рақмет", "Дұрыс айтылған ой", "Осы Мөлдір қызым оранып жүрсе де үстіне киген киімдері өзіне өте әдемі жарасады, бәрі өзіне қонымды" деп пікір жазып жатыр желі қолданушылары.