Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресей аумағын басып өтетін қазақстандық пойыз жолаушылары шекарада тексерістен босатылады

  • AstanaTV
  • 12 сәуір 2017
  • 2418

Ресей аумағын басып өтетін қазақстандық пойыз жолаушылары шекарадан өтерде тексерістен босатылады. Жаңа тәртіп көлік мәселелері жөніндегі заң жобасына енгізілген. Бүгін Мәжіліс оны бірінші оқылымда мақұлдады. Депутаттар бұған дейінгі тәртіптің жолаушыларға ыңғайсыз болғанын айтады. Олардың баратын жері өз елі екеніне қарамастан, екі рет тексеруден өтуге мәжбүр болатын. Ресей тарапымен тиісті келісім бар. Бұл өзгерістер "Алматы-Орал", "Астана- Лениногорск" бағыттарына қатысты.