Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда өрт кезінде 220 адам эвакуацияланды

  • AstanaTV
  • 18 қыркүйек 2024
  • 125

Петропавлдық құтқарушылар өрт кезінде 220 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

ТЖМ мәліметінше, Парковая көшесінің бойында 9 қабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатында үй заттары мен жиһаз жанған.

Өрт сөндірушілер баспалдақ маршымен 3 адамды құтқарып, 217 адамды, оның ішінде 21 баланы эвакуациялады, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Сондай-ақ, 1 адам ауруханаға жатқызылды.

Өрт толығымен сөндірілді. Шығу себебі анықталып жатыр.