Қостанай облысында 14 мыңнан астам адам онкологиялық ауруға шалдыққан.Науқас саны жыл сайын көбейіп жатыр.Былтыр қатерлі ісіктен айыға алмай, 646 адам көз жұмған. Аты жаман аурудың асқынуына қандай фактор әсер етуі мүмкін.Сұрақтың жауабын тілшіміз Заңғар Санай іздеп көрді.
Қала тұрғыны Әділхан Тұтанұлының бажасы мен нағашысы онкоаурудан айықпай, ажал құшқан. Өзі де он жыл бойы сыр бермей, сырқатымен күресіп келеді.
ӘДІЛХАН ГУТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Химиядан кейін шашым, тырнағым түсіп қалды. Жақындарым қатты алаңдады.Әсіресе әйелім уайымға салындыүбірақ мен ешкімге сыр бермей, бәрі жақсы болады деген сеніммен күресе бердім.Бұл дерттен жазылып кетуіңе іштей сенімің 70-80 пайыз психологиялық тұрғыдан мықты болуыңа байланысты.Көп адамдар тез беріліп, сағы сынып қалады.
Жетпіс жастағы Вера Улана да жеті жылдан бері ауыр дертпен арпалысып келеді. Жығылғанға жұдырық демекші, қарт ананың басқа да созылмалы аурулары асқынып кеткен.
Вера УЛАНА, НАУҚАС:
Көп қиындық көрдім.Бірақ күресіп келем.Күресе берем.Менн бұл дертке берілмеймін.Жеңіп шығам.
Өкініштісі, онкологиялық дерт өршіп барады. Аймақта 14 мыңнан астам адам ауруға шалдыққан. Былтыр 2650 адамнан қатерлі ісік анықталып, 646 адам қайтыс болған. Ал Солтүстік Қазақстан обысында он бір мыңға жуық адам осы дертпен ауырады. Өткен жылы өңірде 458 адам өмірден өткен.
Максим БОБОШКО, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАЛЫҚ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
Өкінішке қарай соңғы бес жылда онкологиялық аурулардың өршігені байқалады.100 мың тұрғынға шаққанда 330 науқастан келіп отыр. Бес жыл бұрын бұл көрскеткіш 298 болған.
Рафаэль РИЗАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ ОНКОЛОГ ДӘРІГЕРІ:
Бүгінгі таңда біздің облыста 11264 адам есепте тұр. Биыл сегіз айдың ішінде 1167 адамнан онкология анықталды.Былтыр осы уақытта 1240 науқас болған. Сәл де болса азайған.
Аурухана жағалаған жандардың орта жасы -50-55. Олардың онкологиялық дертке шалдығуына бірнеше фактор әсер етуі мүмкін дейді дәрігерлер.
ЗАҢҒАР ГЕМЕНБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ ОНКОЛОГ – ХИРУРГ ДӘРІГЕРІ:
Жас ерекшелігі көбісі 60 жастан бастап көбінесе келеді.Сонымен қатар айтып кететін нәрсе қазіргі таңда жас адамдардың да онкологиялық ауруға шалдығу жиілеп кетті. Онкологиялық аурулар бір фактордың әсерінен дамиды деп айту қиын.Ол көптеген факторлардың әсерінен, қосындысынан сол өкінішіке қарай онкологиялық ауруларға алып келеді.
Сарапшылар онкологиялық аурудың асқынуына түрткі болатын бірнеше факторды атап отыр. Мысалы гинетик маман өндірістік аумақтарда көп жыл жұмыс істеген адам қатерлі дертке шалдығуы мүмкін деген болжам айтты.Эколог та бұл факторды жоққа шығармайды.
ГҮЛНӘР БОЖЕКЕНОВА, ГИНЕТИК:
Еңбек жағдайына байланысты болуы мүмкін.Мысалы өндірістік аумақта жұмыс істейін, ұзақ уақыт химиялық заттармен жұмыс істейтін адам тез шалдығуы мүмкін.
ГҮЛНӘР ЮНУСОВА,ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ЭКОЛОГ:
Қоршаған ортаның ластануы адам денсаулығына әсер етуі мүмкін. Мысал асбесті алайық.Оның химиялық құрамы мен формасына қарай онкологиялық ауруды қоздыруы әбден мүмкін. Сондықтан терең зерттеу жұмыстары жүргізілу керек.Мен әзірге ондай жобалар жайлы естіген емеспін.
Аймақтағы ірі және шағын өндіріс ошақтары экологиялық талаптарды қаншалықты сақтап отыр? Бұл сауалға сала мамандары да мардымды жауап бере алмайды. Өйткені кешенді тексеріс жүргізілмейді.Кедергі көп.Эколог мамандар заңға өзгеріс енгізбей, өндірістік аумақтардан еш мін таба алмаймыз деп отыр.
ЗИАДА БИСАХАЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Заңға өзгерістер енгізу керек.Біріншіден.Біздің кәсіпкерлік кодекс өзінде мынадай ірі кәсіпорындарға жеке талаптар қойылуға тиіс.Сондай заңдар болу керек.Ал олар бәрі бірдей.Ірі кәсіпорын болсын, шағын кәсіпорын болсын.Оларға кәдімгі заңдар біздердің талаптары бірдей болып тұр да.
Дендеген дерттің себеп-салдарын анықтау үшін ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілу керек, дейді мамандар. Осы мақсаттағы ғылыми жобалар қолға алынбай, қатерлі дерт өрши бермек.