Алматыда мопед мен газель соқтығысып, бір адам көз жұмды. Елімізде электросамокаттардың қатысуымен жол апаты жиілеп тұр. Биыл 83 жағдай болды. Салдарынан 2 адам қаза тауып, 80 адам жарақаттанған. Мұның барлығы көлік иелерінің жол ережелерін сақтамауынан дейді мамандар. Жаяу жүргіншілер де мопед тізгіндегендерге ренжулі? Неге? Айдана Қайраттың бейнематериалы.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Жолға шыққанда мешать етеді. Олар против движений жүруі керек, олар машинамен бірге қатар келе жатады.
- Менің жасым 20-да бірақ та емін еркін теуіп жүрмін самокатты приложения арқылы жаңағы.Жүргізуші куәлігін ешкім еш жерде сұраған жоқ.
АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:
Электр самокаттарын іздеп әуре болудың қажеті жоқ. Себебі олар көшенің кез-келген бұрышында бар. Бар болғаны қосымша арқылы QR кодты енгізсеңіз болғаны. Одан соң қалағаныңызша тебе аласыз.
Мен енді электр самокаттарын мүлдем тебе алмайтындардың қатарынанмын. Тіпті бір жағынан жылдамдығын асыруға қорқып тұрмын. Себебі құлап түсуіңіз әбден мүмкін.
Былтыр электорсамокаттарға қатысты заң қабылданып, оны жүргізетіндерге шектеулер қойылды. 18-жасқа толмағандарға көлікті айдауға тыйым салынды. Сондай-ақ жүргізуші куәлігі мен арнайы шлем кию міндеттелді. Ережеге бағынбағандар 5 айлық есептік көрсеткіш айыппұл төлейді.
АСХАТ ЖҰМАҒАЛИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ПОЛКІНІҢ КЕЗЕКШІ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:
Күнделікті алған кезде мысалы бір 10-15 көзге түседі. Көбіне кәмелеттік жасқа толмағандар болады олардың арасында. Кейбіреулерінің ұсталғанда ата-аналарын оқиға орнына шақыруға мүмкіндік болмайды. Сондай жағдайларда көбіне түсіндірме жұмыстары өткізіледі. Олардың барлығына хаттама толтырыла бермейді, егер заң өрескел бұзылып жатса айыппұлға әкеліп соғады
Депутат Екатерина Смышляеваның айтуынша заңға тағы да түзетулер енгізілмек. Құжат қазір Сенатта. Оған сәйкес енді 16 жасқа толған мопед жүргізушілері арнайы емтихан тапсырып, А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алуы тиіс. Егер А, В, С санатындағы куәлігі болса, А1 автоматты түрде беріледі. Тек 923 теңге баж төлеп, қос дөңгелекті көлігін мемлекеттік тіркеуге қояды.
Екатерина СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «АМАNАТ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Мәселені шешу үшін мопед жүргізушілеріне автокөлік жүргізушілерімен тең талаптар белгілеу ұсынылады. Қозғалтқыш көлемі 50 текше сантиметрден аз мопедтерді мемлекеттік тіркеу енгізіледі. Әкімдіктерге электр самокаттардың жұмыс тәртібін анықтау құзыретін беру жоспарланып отыр
Қазір Еуропаның ірі қалаларында қоғамдық электр самокаттарынан бас тарту жөніндегі ұсыныстар жиі көтеріліп жүр. Франция біржола бас тартса, енді Испанияның бас қаласы Мадрид де кикшерингке тыйым салу туралы шешім қабылдады. Себебі компаниялар қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмаған.