Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола прокуратурасы бір алаяқты 12 жылда әрең тапқан

  • AstanaTV
  • 18 қыркүйек 2024
  • 255

Ақмола облысының прокуратурасы Алматы полициясының көмегімен 13 адамды алдаған алаяқты 12 жыл өткеннен соң барып қолға түсірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Р. есімді азаматша 2012 жылы маусымда Көкшетау тұрғындарына пәтер алып беремін деп қомақты ақшаларын алып алған көрінеді.

«2012 жылы маусымда күдікті Көкшетау қаласынан мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмек көрсетемін деген сылтауымен халықты алдап, сеніміне кіріп, аса ірі мөлшерде ақша қаражатын заңсыз иемденген. Аталған тұлға тергеу изоляторына қамалды», - деп хабарлайды Ақмоланың прокуратурасы.

Жасалған қылмыс үшін күдіктіге мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.