Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында 86 қызметкерге 46 млн теңге жалақы берілмеген

  • AstanaTV
  • 19 қыркүйек 2024
  • 216

Атырау облысында 17 мекеме 86 қызметкерге 46 млн теңге жалақы қарыз болған. Бұл туралы облыстық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының м.а. Кемел Иманғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мой город» басылымының жазуынша, басқармаға азаматтардан жалақы алу проблемасымен өтініштер түскен.

Бұл үшін жұмыс берушілерге 9,8 млн теңге айыппұл салынды.

«Тексеру нәтижесінде облыстық 17 мекеменің 86 қызметкерге жалақы бойынша 46 млн теңгеге жуық берешегі бар екені анықталды. Қабылданған шаралардан кейін қызметкерлерге 34,2 млн теңге төленді. 68 қызметкердің алдындағы берешек өтелді», - деді Кемел Иманғалиев.

Жыл басынан бері басқарма жоспардан тыс 105 тексеру жүргізді, нәтижесінде еңбек заңнамасын бұзудың 52 фактісі анықталды. Тиісінше, бұзушылықтарды жою туралы 34 ұйғарым енгізіліп, 48 әкімшілік хаттама толтырылды.