Русский Сайттың толық нұсқасы

Су басқан аймақтардан 700-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді

  • AstanaTV
  • 13 сәуір 2017
  • 3053

Осы күнге дейін су басқан аймақтардан 700-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның 150-і туыстарының үйін паналап жүр. Өзгелері жергілікті атқарушы органдар ашқан арнайы пункттерге орналасты. Бұл туралы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер хабарлады.

Су тасқыны мен сел қаупі толық сейілмейінше, жағдай құзырлы органдардың бақылауында болмақ. Құтқарушылар мен техника тапшылығы жоқ. Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарындағы өзендерде мұзды жару жұмыстары жүргізілді. Су қоймаларындағы ағыс өткізу барысы қатаң қадағалануда.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

Теміртау қаласына қарасты Самарқан су қоймасы тасып, бөгеттен төмен орналасқан елді мекендерден 400-ден астам адам эвакуацияланды. Үй жануарлары да қауіпсіз орынға жеткізілді. Жағдай толық бақылауда. Оқыс оқиғалар орын алған жоқ.