Ресейде коронавирус жұқтырғандардың саны 30 пайызға артты. Бір аптада 32 мыңнан аса адамнан індет анықталған. Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды.
Мамандардың айтуынша, елде коронавирустың мутацияға ұшыраған түрлері кең тарауда. Сонымен қатар алты күнде 700 мың тұрғын тұмау жұқтырған. 73 өңірде эпидахуал нашарлап, ауруханалар жұмысын жандандырды.
Жаңа штаммдар өте жұқпалы, ал басты белгілері - әлсіздік, жөтел, тамақ пен бұлшық ет ауырып, иіс сезбейді. Әзірге карантин жариялау жоспарда жоқ, алайда жасы егде адамдар, созылмалы ауруы барларға вакцинация міндеттелуі мүмкін.
Геннадий Онищенко, дәрігер:
KP.3 және LB.1 вирустарына қарсы ағзада иммунитет қалыптаспаған. Сондықтан жұқтыру көрсеткіші жоғары. Алайда осыған дейін екпе алғандар бұл ауруды жеңіл өткізеді. Жазғы демалыстан соң вирус жұқтырғандар бірнеше есе артып отыр. Сондықтан бар вакцинаны қолданған жөн.