Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысына жол жөндеу үшін 5,9 млрд теңге бөлінді

Су тасқынынан зардап шеккен Атыраудағы 8 жол учаскесі жөнделеді. Ол үшін Үкіметтен 5,9 млрд теңге бөлінді. Оның 4,6 миллиарды облыстық маңызы бар жолдарды қалпына келтіруге бағытталған. Ал қалған 1,3 млрд теңгеге «Индер – Қарабау – Миялы – Сағыз» автожолындағы көпір мен су өткізу құбырларын жөндеу көзделген.