Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттегі пәтерлердің бірінен үндістандық екі студенттің мәйіті табылды

Шымкентте үндістандық екі студент белгісіз жағдайда көз жұмды. Олардың мәйіті өздері жалдап тұрған көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерден табылды.  Екеуі де- Медицина академиясының 2-курс студенті. 21 және 22 жастағы жігіттердің бірінің денесі жатын бөлмеден, екіншісінің денесі дәлізде жатқан. Қазір өлімге не себеп болғаны анықталып жатыр. Оқиға орнында болған мамандар бастапқыда оларға иіс тиді ме деп топшылағанмен, оған әзірге дәлел жоқ дейді. Бөлмеде улы газ анықталмаған. 

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Аталған жайт бойынша қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде. Мәйіттерді визуалды қарау кезінде зорлық-зомбылықтың көрінетін белгілері анықталмады. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сараптамалар тағайындалды.

Айта кетейік, пәтерде студенттерден бөлек тағы екі адам болған. Олар қаладағы токсикология орталығына жедел жәрдеммен жеткізілген. Әзірге бір болжам бар, астан ұшынуы мүмкін. Медициналық көмекке жүгінген екеудің айтуынша, олар кешкісін макарон жеп, шай ішкен. "Қазір өмірлеріне ешқандай қауіп болған жоқ» - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.