Павлодар қаласында колледж оқушысы оқытушыны пышақтады. Оқиға үйлердің аулаларының бірінде болған. 17-дегі жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталған. Бала кәмелетке толмағандықтан қолхатпен ата-анасының қарауына берілді. Тергеу амалдары жалғасуда.