Русский Сайттың толық нұсқасы

Жыл басынан бері 60 есірткі зертханасы жойылып, 13 ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Жыл басынан бері есірткі сатудың 1573 фактісі анықталды. Бұл туралы Президенттің қабылдауында болған Бас прокурор Берік Асылов айтты. Оның сөзінше 60-қа жуық есірткі зертханасы жойылып,13 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылған. Одан бөлек биыл прокуратура органдары жалпы құны 262 миллиард теңге, соның ішінде шетелден 205 миллион долларға бағаланған активтерді қайтарды. Сондай-ақ жалпы сомасы 450 миллиард теңгеге тең активтерді қайтару келісімі мақұлданды деді Бас прокурор.