Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада қауіпті ойын ойнаған балалардың ата-аналары жазаланды

  • AstanaTV
  • 19 қыркүйек 2024
  • 230

Астана соты бүлдіршінді көпқабатты тұрғын үйдің балконынан лақтырып жібермек болған ұлдардың ата-аналарына 36 920 теңгеден айыппұл салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Сот кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарын балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны, балаларын тұрмыста, қоғамдық орындарда айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық ережелеріне үйретпегені үшін кінәлі деп танып, оларға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындады», - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі. 

Іс материалдарына сәйкес Астана қаласындағы тұрғын үй кешенінде бірге тұратын бес кәмелетке толмаған бала «Суицидник» қауіпті ойынын ойнау үшін 7 жасар баланы құрбан ретінде пайдаланған. Олар баланы кіреберіске апарып, үшінші қабатқа көтеріп, баспалдақ пен баспалдақ алаңы арасында ұстап тұрған.

Сот отырысы барысында төрт ата-ана өз кінәсін мойындады, біреуі мойындамады. Жасалған құқықбұзушылықтың мән-жайы оқиғаның бейнежазбасымен және тараптардың жазбаша түсіндірмелерімен расталды. ӘҚБтК 127-бабы 1-бөлігінің санкциясы 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді. Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, 9 қыркүйек Астанада бір топ ұл бала ойнап жүрген кішкентай баланы жоғары қабаттан лақтырып жібермек болған. Олар әрекеттерін бастан-аяқ видеоға түсірген.