БҚО Бәйтерек ауданының Приурал полиция бөлімінің қызметкерлері сатуға тыйым салынған электронды темекіні заңсыз сатумен айналысқан 20 жастағы тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ол өзінің заңсыз қызметін сақтандыру дүңгіршегінде жүзеге асырды. Жеке тінту кезінде одан 9 электронды темекі табылып, тәркіленді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.