Русский Сайттың толық нұсқасы

Таиландта әйел питонмен екі сағат арпалысып аман қалды

  • AstanaTV
  • 20 қыркүйек 2024
  • 253

Таиландта полиция екі сағаттан астам уақыт бойы питонмен арпалысқан әйелді құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

CNN мәліметінше, 64 жастағы әйел ел астанасы Бангкок шетінде үйінің маңында ыдыс жуып отырған. Сол кезде ол аяғын бірнеше рет шаққанын сезінген.

Артынша питон оны орап алып, суға құлатқан. Полиция мәліметінше, әйел екі сағат бойы өзін тұншықтырған питонмен арпалысқан.

Әйелдің көмек сұраған дауысын естіген бойда көршісі тәртіп сақшыларына хабарласқан.

Полицияға әйелді құтқару үшін 30 минут қажет болған. Сонан соң ол ауруханаға жатқызылған.