Русский Сайттың толық нұсқасы

Прокурорлық тексеріске тек Бас прокурор мен Президент ғана пәрмен бере алады

  • AstanaTV
  • 05 мамыр 2017
  • 3284

Қаршадай қызды педофилден арашалап қалғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Жантүршігерлік оқиғаға қатысты Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко осылай деді.

Бүгін мәжілісте  "Прокуратура туралы заң" жобасы қаралды. Енді еліміздегі қадағалаушы орган жұмысы түбегейлі өзгеріске ұшырайды. Тексеріс жүргізуге тек Бас прокурор мен Президент қана пәрмен бере алады. Ал бұл жаңалықты кейбір құқыққорғаушылар қолдап отырған жоқ. Мөлдір Бақыт-қызы тарқатады.

Бас прокурордың орынбасары, қылмыстық оқиғаның алдын алған куәгерлер жазаланбайды ден сенімді. Егер қолға түскен азғын өзін ұрып-соққандарға шағымданса ғана, іс қозғалуы мүмкін. Оның өзінде күш қолдану сол мезетте қоғамды қауіптен арашалау қырынан қарастыралады, дейді.

Андрей Кравченко, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

Я говорю абсолютно уверенно, никто никого к ответственности привлекать не будет. 

Кравченко бүгін депутаттарға "Прокуратура туралы" заң жобасын таныстырды. Енді қадағалаушы орган жаппай шағым қабылдауды доғарады. Соңғы 5 жылда тұрғындардан түстетін арыз-шағымдардың саны еселеп артқан. Оны зерттеп-зерделеуге көп уақыт кетеді. Соңында орындау үшін бәрібір мемлекеттік орындарға жолданады. Сондықтан барлық сатыдан өтпеген арыз-шағым қабылданбайды. Қысқасы, прокурорлар ұсақ-түйекпен айналыспаймыз деп отыр. Аса күрделі қоғамдық-экономикалық дау-дамайға ғана кіріседі. Бір айта кетері, енді прокурорларға тексеріс туралы тек Президент пен Бас прокурор ғана тапсырма бере алады. Мұны заңгерлер аса құптамайды.

Мұстақым Төлеев, заңгер:

Міндетті жүктеуді күтпей-ақ, өз өкілеттілігін адамның қоғамның мүддесін дер кезінде қорғау керек. Ол бюрократиялық сатылардан өткенде, ол мәселе немесе жойылып кетеді, немесе қиындыққа әкеліп тірелді. Ол мәселе шешілмейді.

Адвокаттар тағы бір маңызды мәселе көтерді. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты тұтқындалған басшылардың орынбасарлары үнемі "судан құрғақ шығады" дейді. Барлық айыпты бастықққа жаба салу әдетке айналған. "Тергеуге көмектесті" деген желеумен бастығына қарсы шыққандар ылғи босатылады. Ағаттық кеткенін алдын ала мойындап келгенде ғана, мұндай жеңілдік қаралауы керек. Ал тұтқындалып, түрмеге түскен соң, тергеумен ауыз-жаласу бөлек әңгіме дейді. Мысалы, былтыр 11 жылға сотталған Шекара қызметінің экс-директоры Нұрлан Жоламановтың ісі де тап солай аяқталған. 

Мұстақым Төлеев, заңгер:

Қылмыстық әрекет ұйымдастырып пара алғызды. Біз алдық. Қылмысты ұйымдастырушы сол азамат деп көрсетеді. Нәтижесінде Балмағанбетов басқа департамент басшылары, орынбасарлары  қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Олар сот процесіне де қатысқан жоқ. Куәгер ретінде ғана келді.

Мөлдір Бақыт-қызы, тілші:

Талғат Ермегияевтың "ЭКСПО" ісі де осылай аяқталғаны есте. Прокурорлар бизнесті тексеруді мүлдем тоқтатамыз дейді. Тек мемлекеттік органдардың жұмысын қадағалайды. Бұған дейін жылына 15-20 мың тексеріс болса, былтыр ол 1800-ге дейін қысқарған. Алда одан да азайту жоспарда бар.