Русский Сайттың толық нұсқасы

Тасқыннан зардап шеккен Солтүстік Қазақстан тұрғындарына керекуліктер қол ұшын берді

  • AstanaTV
  • 05 мамыр 2017
  • 2350

Қызылжар өңіріндегі баспаналары суға кеткендерге павлодарлықтар қаржы жинап, қажетті құрылыс материалдарын сатып алған.  Жұрт үй-жайларынан айырылғандарға қаржылай да көмек көрсетіп жатыр.

Ал бүгін гуманитарлық жүк тиелген көлік жолға шықты. Қайырымдылық акциясына «Нұр Отан» партиясы ұйтқы болды. Игі шараға өңірдің барлық қала-аудан әкімдіктері, қоғамдық бірлестіктер мен қарапайым бұқара атсалысқан. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көмек көрсеткісі келгендер киім-кешек, азық-түлік, тұрмыстық техникадан бастап, ақшалай да берген. Қайырымдылық акциясына облыс орталығының тұрғындары ерекше белсенділік танытты,-дейді ұйымдастырушылар. Солтүстік Қазақстан өңіріне Павлодардан 100 тоннадан астам жүк жіберілген.

Гүлнәр Исақанова, «Қызыл ай» қоғамының ПОФ директоры:

«Қызыл ай» қоғамының басты бағыты - төтенше жағдайлар болса, шұғыл әрекет ету болып табылады. Сондықтан біз бұл қайырымдылық акциясының басы-қасында болдық. Асарлап жиналған қаражатқа бірінші тұтыну тауарлары мен тұрмыстық қажеттіліктер сатып алынды.

Жұлдыз Тәйкебаева, «Нұр Отан» партиясының ПОФ төрағасының орынбасары:

Бүгінгі сәтті пайдаланып, барлық Павлодар облысының азаматтарына, ұйымдарына, ұжымдарына алғыс білдіргіміз келеді. Өйткені жұмыла көтерген жүк жеңіл,- деп айтады біздің қазақта.