Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда ішімдікке салынып, сәбиін қарамаған әйелге шара қолданылды

Атыраулық әйел ішімдікке салынып, сәбиін қараусыз қалдырған. Баланың тоқтамай шырқырап жылаған дауысын естіп, көшеде кетіп бара жатқан тұрғындар полицейге хабар берген.

Сөйтсе, ішімдікке сылқия тойған анасының 3 жасар бөбегіне қарауға шамасы келмеген. Полицейлер 40 жастағы жалғызбасты әйелдің бұған дейін де ерсі әрекетін байқаған. Сондықтан дереу бүлдіршінді балалар үйіне орналастырып, анасын айықтырғышқа салды. 

АЙНҰР МАХМЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Жүйелі түрді алкоголдік ішімдік ішкен күйінде бала тәрбиесімен айналыспаған ата-аналарға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық Кодекісіің 127-бабында әкімшілік жаңапкершілік көзделген. Жыл басынан 10 шақты ата анаға қатысты әкімшілік жазалар қолданылған болатын.