Русский Сайттың толық нұсқасы

«Көшеде мүлде жолайырық жоқ. Адам өлімі де болып жатыр», - тұрғын

Алматы облысындағы Көктал ауылының тұрғындары «балаларымыздың өміріне алаңдаймыз. Көшеде мүлде жолайырық жоқ» - деп дабыл қағуда. Жол қауіпсіздігі сақталмағанның салдарынан адам өліміне де болыпты. Ал жергілікті билік қам-қаперсіз дейді. Бұқараның талап-тілегі бұл ғана емес. 

Көктал ауылы Алматыдан 25 шақырым қашықтықта орналасқан. «Сырқаттанып қалсақ, не медициналық көмек көрсететін орталық жоқ» - деп ашынады тұрғындар. Жедел жәрдем көлігін бірнеше сағаттап күтетінін айтады.

ӘСЕМ БАЗАРБЕКҚЫЗЫ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Медпункт жоқ бізде, үлкен қарияларымыз да бар, элементарно бір укол салатын адам таппаймыз. Даже знактар жоқ. Мына осы көшемен камаз машиналар да жүреді, жеңіл машиналар да жүреді. Проекті бойынша мына жерде мост тұр. Мына жерде не то что мост, өмірімізді қауіпке тігіп, біз мына жерден өтеміз.

Тұрғындар осыдан екі жыл бұрын «Ауылға газ жүргізілді» - деп бөріктерін аспанға атып қуанған. Дегенмен, ол қуаныш су сепкендей басылыпты. Құбыр жүргізілген, бірақ іске әлі қосылмаған.

ӘТІРХАН МҰҚАШЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Қазір жеке қожалық деді да, бәрімізге істеген шаруаның бәрі быт-шыт. Бір компаниясы келеді ол жартысын салады да, ақшасын бермейді. Ол кетеді екінші компания келеді сонда газды кім салып жатқанын білмейміз.

Көкталдықтардың тағы бір дабыл қаққан мәселесі – білім орталығының жетіспеушілігі. Оқушылар алыс аймақтардағы мектептерге қатынайды екен. Балалар үйге оралам дегенше, ата-ана жанын шүберекке түйіп отырады.

ЖІБЕК САБЫРҚҰЛОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Балаларымыздың барып келуі қиын, мектеп жоқ. Екіншіден, автобус береді, сентябрьдың бірі күні істейді, 10-15нен кейін автобус жоқ. Балаларымыз жаяу машинамен, таксимен апарамыз.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, осыдан бір жарым жыл бұрын газ тарту процесі басталған. Мердігер компания 15 қазанда жұмысты толық атқарып бітеді. Ал, «жол мәселесіне қатысты бюджетке өтінім бердік, жауаптылар жаяу жүргіншілер жолы мен белгілерді орнатып жатыр»- дейді.

НҰРБОЛ ЕСЕНБАЕВ, ҚАЙНАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Оқушыларды тасымалдау бойынша, ол бойынша қаражат қарастырылып, Талғар аудандық білім бөліміне мемлекеттік сатып алу хабарландыру берілген. Өткен жолы осы жерде тұрғындардан список алып, қанша бала, негізі Еркін ауылына тасымалдауға бір автобус берілген, қосымша мынау Грэске, Байсеркеге тасымалдау бойынша аудандық білім беру айналысып жатыр.

Арнайы медициналық мекеме де орын табылса, ашылады. Ал ауылдағы алты көшеге 2025 жылға дейін тас төселеді деп жоспарланып отыр.