АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб Қызылорда қаласының тұрғындарымен кездесті. Штаб мүшелері «Анаға тағзым» орталығы мен бірқатар компанияға барды. Еңбек ұжымдарымен атом энергетикасын дамытудың заманауи әлемдік трендтерін талқылады. Елімізде бейбіт атомды дамыту бағытында істеліп жатқан жұмыс туралы айтып, көкейдегі сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ ауыл тұрғындарымен кездесіп, әр қазақстандықтың алдағы референдумға қатысуының маңызын атап өтті.
СЕРІК ЕГІЗБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
Болатын референдумның ерекшілігі – ол партияларға, басқа қоғамдық бағыттарға бөлінбейді. Бір сұрақ – бүкіл Қазақстан еліне қатысты. АЭС мәселесі - ол тек қана бүгін емес, мыңжылдық ұрпақтарымызға қатысты. Сондықтан біз үлкен жұмыстар атқаруымыз керек, үлкен түсіндірме жұмыстарын жүргізуіміз керек.